Accessibility links

Бішкек Манас әуе базасын жалға беру туралы 11 келісімді бұзады


Қырғыз парламентіне “Манас” әуе базасын коалициялық күштердің жалға алуы туралы 11 келісімді бұзу туралы заң жобалары келіп түсті.
Қырғыз үкіметінің баспасөз-қызметі хабарлағандай, Жогорку Кенешке халықаралық коалицияға мүше Канада, Нидерланды, Аустралия, Франция, Испания сынды 11 елмен арадағы келісімді бұзу туралы құжаттар жіберілді. 5 ақпан күні қырғыз үкіметі АҚШ-пен арадағы келісімді бұзу туралы дәл осындай шешім қабылдады.
Қырғыз парламентінің баспасөз-қызметі хабарлағандай, келісімдерден шығу туралы құжаттар алдымен тиесілі комитеттер мен фракцияларда талданып, содан кейін ғана парламенттің жалпы отырысына түседі. Құжаттарда жалпы отырыста талдау сәуір айына жоспарланып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG