Accessibility links

2 ядролық кеменің қақтығысын Лондон мен Париж де растады


Ұлыбританияның әскери теңіз флотының бас қолбасшысы ақпан айының басында Англия мен Францияға жататын ядролық сүңгуір қайықтардың Атлант мұхитында бір-бірімен қақтығысып қалғанын растады.
Флоттың бас қолбасшысы, лорд-адмирал Джонатан Бенд “ядролық зымырандарға ешқандай қатер төнген жоқ”, -деп мәлімдеді. Француз әскери теңіз флотының өкілі екі сүңгуір қайықтың да үйреншікті патруль қызметін атқарып жүргенін хабарлады.
Ал британ баспасөзінің хабарына қарағанда, 3 не 4 ақпан күні өзара қақтығысып қалуының салдарынан екі сүңгуір қайыққа да зор нұқсан келген. Кез-келген уақытта ұшыруға әзір тұрған ядролық зымырандары бар 2 субмариннің де гидролокаторлары болған.
XS
SM
MD
LG