Accessibility links

Х.Қарзай өз билігі туралы Б.Обаманың пікірі өзгереді деп сенеді


Ауғанстан президенті Хамид Қарзай мәлімдегендей, ол АҚШ президенті Барак Обаманың әкімшілігі өз билігін жақынырақ түсінеді деп үміттенеді.
Өткен аптада АҚШ-тың Си-Эн-Эн телеарнасына берген сұхбатында Х.Қарзай АҚШ президентінің “Кабулдағы Х.Қарзайдың ұлттық билігі Ауғанстанның өзге бөлігінен тым оқшауланып қалғанға ұқсайды” деген пікіріне сөз қайтарды. Өз тарапынан ауған президенті Барак Обамадан ондай пікір естігеніне аң-таң қалғанын айтып, бәлкім ондай пікір Американың жаңа үкіметіне ақпараттың жетпей жатуымен байланысты шығар деп атап көрсетті.
Х.Қарзай Ауғанстандағы ахуал туралы Обаманың үкіметі кеңірек хабардар болған соң, оның пікірі де өзгереді ғой деп үміттенетінін айтты.
XS
SM
MD
LG