Accessibility links

Ғалымдардың ендігі үміті президентте


Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының бір топ мүшелері Қазақстандағы білімді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның күйреуге ұшырағанын айтып, мемлекет басшысының атына мәлімдеме жасамақшы.

Бұл туралы Азаттыққа мәлімет берген Химия институты директорының орынбасары, химия ғылымдарының докторы Жиенбаев Болат Жаскенұлы былай деді: «Біз бүгін бір топ ғалымдар жиналып, баспасөз мәслихатын өткіземіз, онда ҚР президенті Н.Назарбаевтың атына жолданған мәлімдемемізбен таныстырмақпыз. Мұнда елдегі ғылым саласының дұрыс бағытта дамымауы, үкіметтің ғылым саласында жасаған соңғы уақыттағы жаңа реформаларының нәтижесіздігі, әрбір жаңа қадамның ғылымға үлес қоспай, керісінше біліксіз басшылар қатарын көбейтіп отырғандығы сияқты ғылымның бірқатар өзекті мәселелері атап көрсетілген. Мемлекет басшысына жолдамақ бұл үндеуге ҚР Ұлттық ғылым академиясының 10 толық мүшесінің қолы қойылған».
XS
SM
MD
LG