Accessibility links

Саентология шіркеуі мемлекет басшысынан жәрдем сұрайды


«Алматы қаласының саентология шіркеуі» діни бірлестігінің жетекшісі Светлана Байтингер ҚР президентінің атына ашық хат жазды, — деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін».

«Соңғы екі жылда Қазақстандағы саентология шіркеулері әртүрлі мемлекеттік органдар тарапынан көптеген тексерулер мен қысым көруде. Тексерулер барысында ҚР Конституциясы мен басқа да заңдарын өрескел бұзушылықтарға жол беріледі. Азаматтардың бостандығы мемлекеттік құрылымдармен қатар соттар тарапынан да жоққа шығарылуда. Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті біздің шіркеуді тексеру барысында құлшылық материалдарын басты назарға алды. Және кітап сияқты онсыз құлшылық пен ілімді жалғастыру мүмкін емес заттарды тәркіледі. Бұл заттарды қайтаруды сұрап шағымданғанымызда тергеуге керек деген желеумен оларды алып қалды», — дейді ашық хат жолдаушы.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG