Accessibility links

Есірткі тестін құқық қорғаушылар қолдамайды


Қазақстандық құқық қорғаушы ұйымдардың бірқатары оқушылардың есірткі қолдануға қатысты тесттен міндетті түрде өтуі керек деген ҚР үкіметінің бастамасына қарсылықтарын білдірді. Бұл туралы Қазақстандағы адам құқықтары мен заңдылықтардың сақталуы жөніндегі халықаралық бюро, «Адам құқықтары жөніндегі хартия» және «Ар.Рух.Хақ» қоғамдық қорлары таратқан хабарламада айтылған.

«Аталған бастама ҚР Конституциясының адамның ар-намысына, жеке өмірі мен отбасылық құпиялары және намысына қол сұғылмауы туралы айтылған 17, 18-баптарын тікелей бұзу болып табылады деп есептейміз», — делінген хабарлама мәтінінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР ІІМ басшысы Бауыржан Мұхамеджанов парламент депутаттарынан осы бастаманың заң жобасын қолдауды сұраған еді.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG