Accessibility links

АҚШ Пәкістанмен кеңесуде


АҚШ Пәкістан басшылығымен олардың тәлібтермен арадағы Малаканд аймағында исламдық құқық енгізуді қарастыруды бекіткен бейбіт келісімдері жөнінде кеңесуде.

Осының арасынша АҚШ қорғаныс министрлігінің атын атамаған өкілі «Ассошиэйтед Пресс» агенттігіне сұхбат беріп, бұл жағдайды «келеңсіз оқиға» деп атады. Американдық уәкіл Ричард Холбрук Сват аңғарындағы ислам жауынгерлері Пәкістан, Үндістан мен АҚШ үшін ортақ қауіп төндіреді деп мәлімдеді.

Бұдан бұрын Вашингтон Пәкістанды экстремистермен келіскендері үшін сынап, оларға енді топтанып, қаруланып отыру керек дегенді айтқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG