Accessibility links

Клинтон Пхеньянды зымырандық сынақтар жасамауға шақырды


АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон бүгін, ақпанның 17-де Токиода сөйлеген сөзінде, егер Солтүстік Корея зымырандық сынақтар өткізсе, мұның өзі екі ел байланысына кері әсерін тигізетінін ескертті.

Бұдан бұрын аталған коммунистік ел өзінің зымырандық жаттығуға әзірленіп жатқаны жөнінде тұспалдап өткен болатын.

Сондай-ақ Клинтон ханым өткен аптада, егер Пхеньян ядролық бағдарламасын тоқтататын болса, онда Құрама Штаттар бейбітшілік келісімшартын әзірлеп, Солтүстік Кореямен байланысын жақсартады деген болатын.

Пхеньяннан әзірге жауап жоқ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG