Accessibility links

Жапон үкімет басшысы Обаманың алғашқы қонағы болмақшы


АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон келесі аптаға Жапония үкімет басшысы Таро Асоның президент Барак Обамаға қонаққа шақырылғанын мәлімдеді. Асо мырза Обаманың алғашқы шетелдік қонағы болмақшы. Ақпанның 24-іне белгіленген ол сапарда Асо мырза әлемдік экономиканы қайта қалпына келтіру ісінде әріптес болуға шақырылуда. Хиллари Клинтон ханым Мемлекеттік хатшы ретінде алғашқы сапарын Жапониядан бастап отыр.
XS
SM
MD
LG