Accessibility links

АҚШ пен Өзбекстан қауіпсіздік мәселесін талқылауда


АҚШ-тың Ирак пен Ауғанстандағы әскерінің қолбасшысы генерал Дэвид Петреус Өзбекстанда жұмыс сапарымен жүр. Ташкенттегі американдық елшіліктің мәліметінше, Дэвид Петреус Өзбекстан президенті Ислам Каримовпен аймақтағы, әсіресе Ауғанстандағы қауіпсіздікті нығайту мәселелерін талқылады.

Өзбекстан БАҚ-ның хабарлауынша, Ислам Каримов бұл сапарды өзбек-американ байланыстарындағы маңызды оқиға деп атады.

АҚШ-тың Қырғызстандағы әскери-әуе күштері базасын жабудың салдары туралы әңгіме болған жоқ. 2005 жылға дейін АҚШ Ауғанстандағы коалициялық күштер операциясын қолдау үшін Карши-Ханабадтағы өзбектің әскери базасын пайдаланып келген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG