Accessibility links

Пара бермек болған Италияның азаматы қолға түсті


Атырау облысы Жылыой аудандық салық басқармасының қызметкеріне 300 доллар пара бермек болған жағдайда қолға түскен Италияның азаматына қатысты облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті қылмыстық іс қозғады, — деп хабарлады аталған департаменттің баспасөз хатшысы Алтынай Мұхтарова.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, «Сичим СПА» итальяндық компаниясының өкілдерінің әкімшілік жауапкершілікке тартпас үшін өзіне пара бермек болғанын салық басқармасының қызметкері хабарлаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG