Accessibility links

Қазақстан сыртқы шолу қызметін құрды


ҚР мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы ұлттық қауіпсіздікті нығайту мен шолу жұмыстарын әрі қарай жетілдіру шаралары туралы» жарлыққа қол қойды, — деп хабарлайды ҚР президентінің баспасөз қызметі.

«Аталған актіге сәйкес, ҚР 2007 - 2012 жылдардағы ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Қазақстанның арнаулы қызмет құрылымдарын оңтайландыру мен қауіпсіздікті нығайту үшін ҚР президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде «Сырбар» атты сыртқы шолу қызметі құрылды», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ мемлекет басшысының жарлығымен «Сырбар» сыртқы шолу қызметінің директоры болып Жанқұлиев Аманжол Қазбекұлы тағайындалды.


XS
SM
MD
LG