Accessibility links

Түркия президенті Назарбаевқа хат жолдады


Түркия өзінің 2010 жылы Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) төрағасы болуға дайын екендігін ресми түрде мәлімдеген. Осыған орай, Анкарада аталған жылы Азия Кеңесі саммитін ұйымдастыруға дайын. Бұл туралы Түркия президенті А.Гүлдің Қазақстанның мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевқа жолдаған арнайы хатында айтылған, — деп хабардар етті ҚР СІМ ресми өкілі Ержан Ашықбаев.

А.Гүл өзінің хатында соңғы сегіз жылдың ішінде Қазақстанның Азия Кеңесіне төрағалық міндеттерінде үлкен табыстарға жеткенін және ҚР Сыртқы істер министрлігі мен басқа да мемлекеттік мекемелері түрік тарапымен аталмыш саладағы үлкен тәжірибелерін бөлісетініне сенім білдірді.

Сонымен бірге хат мәтінінде Түркияның АӨСШК-тің төрағалығын қабылдауы – аталмыш ұйымның қызметіндегі ерекше мезет болып табылатыны және Азия құрлығында бейбітшілікті пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді механизмдерін құруы сапалы жаңа кезеңге бастайтынын білдіретіні айтылған.
XS
SM
MD
LG