Accessibility links

АҚШ-тың Ауғанстандағы әскерінің қатары күшейтіледі


АҚШ президенті Барак Обама Ауғанстандағы әскеріне көмекке осы елге 17 мың жауынгерлік қосымша әскер жіберу туралы шешім қабылдады. Б.Обаманың мәлімдеуінше, Ауғанстандағы ахуалдың нашарлауына байланысты әскерді күшейтуге тура келді.
Көктемде Ауғанстанға АҚШ-тың әскери теңізшілері, ал жазда қосымша армия бөлімдері жөнелтіледі.
Қазір Ауғанстанда АҚШ-тың 30 мыңнан асатын әскері, ал коалициялық күштердің 40 мыңға жуық әскері бар.
Сонымен бірге АҚШ президенті Ауғанстандағы проблемаларды шешу үшін және осы елдегі соғыс қимылдарын тоқтату үшін дипломатиялық және экономикалық кешенді іс-шараларды қолдану керек деп есептейді. Канаданың телеарнасынан сөйлеген сөзінде Б.Обама Ауғанстандағы қазіргі қиындықтарды қара күшпен ғана шешу мүмкін емес деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG