Accessibility links

АҚШ-тың Қырғызстандағы соғыс әуе базасы жабылуға жақын


Қырғызстан парламенті – Жогорку кенеште көпшілік дауысы бар билікке жақын “Ақ жол” фракциясы Манас әуежайындағы АҚШ-тың соғыс базасын жабу туралы президент Құрманбек Бәкиевтің шешімін ресми түрде мақұлдады. Оның алдында әуе базасын жабу туралы заң жобасын парламенттің тиесілі 3 комитеті құптаған болатын. Аталған заң жобасы парламенттің бейсенбі күні, 19 ақпанда өтуге тиісті жалпы отырысында дауысқа салынады. Құжаттың мақұлдануы әбден мүмкін. Өйткені, қырғыз парламентіндегі 90 мандаттың 71 “Ақ жол” фракциясында. АҚШ-тың Манас әуе базасын жабуды парламент фракцияларының барлығы түгел қолдап отыр.
XS
SM
MD
LG