Accessibility links

Қазақстанда дағдарыстың салдарын бірінші болып жастар сезінуде


Экономикалық дағдарыстың ауыртпалығын Қазақстанның барлық облыс-аймағы терең сезе бастады. Павлодар облысында колледждер мен университеттердің үздік студенттеріне стипендия төлеу доғарылды. Облыстық “Жастар” бағдарламасы бойынша, ақылы университеттерде үздік оқитын 391 студентке айына 5 мың теңге стипендия, колледждердің үздік 50 оқушысына 3.300 теңге стипендия төленіп келді. Ішкі саясат бойынша облыстық департаменттің бастығы Гүлнар Камалованың айтуынша, стипендия төлеу 1 қаңтарда тоқталып, жастардың наразылығын туғызып отыр.
Ал Қарағандыда көмір өндірушілердің “Қорғау” кәсіподағы кеншілердің айлық жалақысын азайту туралы “Арселор Миттал Теміртау” компаниясы басқармасының бұйрығын 1 аптаға тоқтату туралы уағдаластыққа келді.
“Қорғау” кәсіподағының төрағасы Ермек Миргоязов хабарлағандай, “Арселор Миттал Теміртау” компаниясының басшылығы кеншілерлер алатын ақшалай сыйлықты азайту туралы бұрық шығарды, соған байланысты айлық жалақы да күрт кемиді.
XS
SM
MD
LG