Accessibility links

Х.Клинтон халқы ең көп мұсылман еліне келді


АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Азия елдеріне сапарын жалғастырды. Хиллари ханым сәрсенбі күні Жапониядан 2 күндік сапармен Индонезияға келіп аялдады.
Мемлекеттік хатшының халқы ең көп мұсылман еліне баруы кездейсоқтық емес. АҚШ президенті Барак Обама Вашингтонның ислам елдерімен қарым-қатынасын жақсартуға ұмтылатынын мәлімдеген болатын.
Хиллари Клинтон Индонезиядан кейін Оңтүстік Корея мен Қытайға барады.
XS
SM
MD
LG