Accessibility links

Францияда әйгілі әртіс әйелдің кесілген бір аяғы жоғалды


Францияның мәдениет министрі Кристин Альбанель мәлімдегендей, соңғы 10 жылда Францияның мемлекеттік мекемелерінен 16 мыңға жуық туынды жоғалды. Оның ішінде ұлы трагикалық әртіс әйел Сара Бернардың спирттелген бір аяғы із-түссіз жоғалған. Оның бір аяғы сүйек туберкулезінің тез асқынуы салдарынан 1915 жылы кесілген көрінеді. Ол экспонат өте мұқият сақталып келген. Бірақ мұражайлардың көп көшінің бірінде ол ғайып болып, ақыр-аяғында қайсыбір лаборант спиртке салынған аяқты тастай салады. Кейін құнды экспонатты тастағанын сезіп, оның маңдайшасын басқа бір құтыға жапсыра салады. Оны мәлім болғанда, тарихшылардың ашуын әсіресе қоздырғаны - әйгілі Виктор Гюго мен Эдмон Ростанның көңілдесі болған әйгілі әртіс әйелдің “арық әрі ұзын аяғы” енді “жуын да қысқа” аяқ болып қалыпты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG