Accessibility links

Жамбыл колониясында өлім болды


Жамбыл облысындағы қатаң режимдегі колонияның ЖД-158/4 мекемесінің №12 отрядында өршіген даудың төбелеске ұласуының кесірінен сотталушы Е. Досқанов О. Қабылбеков деген сотталушының көкірек және құрсақ тұстарына асханалық пышақты бірнеше рет сұғып алған, — деп хабарлады облыстық қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (КУИС) баспасөз хатшысы Гүлжамила Нокрабекова.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушы Е. Досқанов қылмыс үстінде қолға түсіп, кезекшілік бөліміне әкетілген, ал пышақ жарақатынан зардап шеккен О. Қабылбеков мекеменің медицина бөліміне жедел жәрдеммен жеткізіліп, сол жерде көз жұмған.

«Қайтыс болған сотталушы О. Қабылбеков 1980 жылы туылған, бұрын сотталмаған, түрмеге дейін Алматыда тұрған. Ол 2000 жылы 20 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал 35 жастағы Е. Досқанов сотталғанға дейін ОҚО-ның тұрғыны болған, бұрын да жазасын өтеген ол қазір 2014 жылға дейін 10 жылға сотталған болатын. Қазір қайтыс болған сотталушының мәйіті сот-медициналық сараптама жасау үшін қалалық мәйітханаға жіберілді. Аталған дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде», — деді баспасөз хатшысы.
XS
SM
MD
LG