Accessibility links

Юрий Мизинов: DDoS шабуылы хакерлердің ісі


«Zona.KZ» интернет-газетінің сайты тағы да DdoS шабуылына ұшырады. Бұл туралы Азаттыққа түсініктеме берген интернет-газеттің бас редакторы Юрий Мизинов былай деді: «Кеше кешкі сағат 21.00-де біздің сайтқа DdoS шабуылы жасалды. Бұл шабуылдың не үшін болғанын, кім жасап отырғанын білмеймін. Бізде ешқандай реакция тудыратын материалдар болған жоқ. Сайт жабылып қалған жоқ, яғни бұл «Қазақтелекомның» ісі емес, біреу хакер жалдаған, сол хакер осы DdoS шабуылды жасап отыр. Қазір сайт жұмыс істеп тұрған жоқ, бұдан басқа ештеңе айта алмаймын».

XS
SM
MD
LG