Accessibility links

Коммунистер Астана әкімінің отставкаға кетуін талап етті


Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бүгін Қазақстан Коммунистік партиясының Астанадағы филиалы Астана қалалық автомобиль транспорты комитетінің кәсіподағымен бірлесіп, ҚР президенті Н.Назарбаев пен ҚР премьер-министрі К. Мәсімовтің атына Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің отставкаға кетуін сұрап, үндеу жолдады.

Коммунистердің бұл талабы Астана қаласындағы жер телімдерінің заңсыз сатылуы, жер иелерінің меншіктерінен заңсыз айырылып қалуы және оларға төленетін өтемақы мөлшерінің төмендігі сияқты жағдайларға негізделген. Сондай-ақ партия өкілдері талабымыз қанағаттанбаған жағдайда наразылық акцияларын өткіземіз деп отыр.

Үш жарым жылға жуық Алматыны басқарған Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов 2008 жылдың 4-сәуірінде Астана қаласының әкімі болып тағайындаған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG