Accessibility links

Е.Аманшаев: Е.Тұрсыновқа «Келін» үшін 9 млн теңге төленген


Бүгін Алматыда «Қазақфильм» киностудиясының басшысы Ермек Аманшаев режиссер Ермек Тұрсыновтың «Келін» фильміне қатысты мәлімдеме жасады, — хабарлайды Азаттық тілшісі.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ақпанның 11-і күні «Қазақфильм» киностудиясының «Келін» көркем фильмінің БАҚ өкілдері мен киносыншыларға арналған жабық көрсетілімі өткен еді.

Аманшаевтың айтуынша, Е.Тұрсыновтың картинаның иесі «Қазақфильм» киностудиясының рұқсатынсыз фильмнің жабық көрсетілімін өткізуге құқы жоқ болатын. Бірақ киностудия режиссерді ешқандай сотқа бермей-ақ ескертумен шектелеміз деп отыр. Режиссер Ермек Тұрсынов «Келін» фильмі үшін 9 млн теңге алған.

Ал киностудияның заңгері Темірлан Төлегенов: «Киностудия мен режиссер арасында жасалған келісімшарттың негізінде картинаға қатысты барлық авторлық құқықтар «Қазақфильмнің» еншісінде. Сондықтан режиссер Ермек Тұрсыновтың бұл әрекеті заңға қайшы келеді», — деді.
XS
SM
MD
LG