Accessibility links

Қырғыз парламенті Манас әуе базасын жабуды қолдады


Қырғызстан парламенті Құрама Штаттар пайдаланып келген Манас әуе базасын жабу жөніндегі үкімет бұйрығын қолдап, бүгін, ақпанның 19-да дауыс берді. АҚШ ол база арқылы Ауғанстандағы әскери шараларына қажетті жүктер мен жасақтарын тасымалдайтын еді.

Президент Құрманбек Бакиев “Манас әуе базасының жалақысын АҚШ қажетті мөлшерде төлемей отыр”, дей келіп, ол базаны жабу туралы жоспарды осы айдың басында жариялаған болатын.

Президенттің жақтастары саны жағынан Қырғыз парламентінде басымдыққа ие.

Хабарларға қарағанда, егер Бакиев аталған заңға қол қойса, сондай-ақ ел үкіметі мүлікті қайтарып алу туралы жарлық шығарса, онда АҚШ әскерилері Манастан 180 күн ішінде шығуы тиіс болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG