Accessibility links

2009 Ауғанстан үшін қиын жыл болмақшы, деді АҚШ генералы


Генерал Дэвид МкКирнанның айтуынша, Талибанмен күрес АҚШ үшін келер жылдарда, басты міндет болмақшы. АҚШ президенті Барак Обама 17 мыңдай қосымша АҚШ күштерін Ауғанстанға жіберу жөнінде осы аптада бұйрық шығарған болатын. Ол әскердің басым бөлігі Ауғанстанның оңтүстігіне жіберілуі тиіс, дейді генерал. Себебі ол аймақ Талибан көтерілісшілерінің бесігі болып отыр. Аталған қосымша күштер Ауғанстанның тамыздағы сайлауына дейін қызметіне кірісетін болады. АҚШ-тың Ауғанстанда тұрған әскерінің жаңа саны 55 мың айналасында болмақшы.
XS
SM
MD
LG