Accessibility links

Горган қаласында Қазақстанның консулдығы ашылды


Иранның Горган қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылды, — деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. Ашылу салтанатында Қазақстанның Ирандағы елшісі Ерік Өтембаев Қазақстанның аталған аймақтан ресми өкілдік ашқан алғашқы шетелдік мемлекет екенін атап өтті.

Аймақ басшысы Я. Махмудзаденің айтуынша, Горган әкімшілігі екі елдің арасындағы мәдени-гуманитарлық, сауда-экономикалық байланыстарды нығайтатын бұл саяси қадамды жоғары бағалап отыр.

СІМ ақпаратынша, Горган қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы мемлекет басшысының жарлығына 2008 жылдың 15-желтоқсанында қол қойылған болатын. Сондай-ақ қаладағы Горган университеті мен Ұлттық «Melli» банкінің филиалы орналасқан көше болашақта Қазақстанның құрметіне Ақтау қаласының атымен аталатын болады.
XS
SM
MD
LG