Accessibility links

АҚШ Қырғызстан базасын жалға алу ақысын қарастырмақ


АҚШ-тың стратегиялық маңызы бар әуе базасын жабу туралы Бішкектің мәлімдемесінен кейін Америка жалға алу ақысын көбейту мәселесін қарастыруға дайын болып отыр. Польшада жүрген АҚШ-тың қорғаныс министрі Роберт Гейтс әуе базасының болашағы туралы келіссөздер жалғасуда деп мәлімдеді. Сондай-ақ оның айтуынша, бұл базаны ауыстыруға да болады және басқа мемлекеттермен де келіссөздер жасалуда.

Қырғызстан парламенті Манастағы американдық әуе базасын жабу туралы үкіметтің ұсынысын қолдады. Ел үкіметі базаны жабу мен Ресейден ірі көлемде несие алу арасындағы байланысты жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG