Accessibility links

Иран ядролық бағдарламасының кейбір тұстарын жалғастыруда


БҰҰ-ның инспекторлары Иранның уран байыту жұмыстарын азайта бастағанын айтып отыр. Бірақ Теһран бір ядролық бомбаға жететін материалдық қорын жасауды жалғастырған. Бұл туралы МАГАТЭ-нің соңғы баяндамасында айтылды.
БҰҰ-ның ресмилері журналистерге берген мәліметінде Иран төменгі деңгейде байытылған уран қорын 1 мың килоға көбейткенін алға тартып, егер Теһран осындай көлемде жалғастыра берсе, бомбаға жетерлік материал жасайды деді.
Иран өзінің ядролық энергия көзі үшін бейбіт мақсаттағы өнімдер шығарып жатқанын айтады.
XS
SM
MD
LG