Accessibility links

Клинтон: Пхеньян АҚШ-пен байланысын жақсартуға тырысу керек


Азияда сапармен жүрген АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Пхеньян Сеулмен келіссөз өткізуден бас тартса, Солтүстік Кореямен байланыстар жақсармайды деп мәлімдеді.
Оңтүстік Корея астанасында сөйлеген сөзінде Клинтон ханым Пхеньянды ядролық бағдарламасын тоқтату жолындағы міндеттемесін орындауға шақырды. Мемлекеттік хатшы сондай-ақ, Солтүстік Корея бойынша алтыжақты келіссөздерге осы аймақта ұзақ жылдар дипломат болған Стивен Босуорт АҚШ өкілі болатынын айтты.
XS
SM
MD
LG