Accessibility links

Израиль үкімет басшысына Нетаньяху таңдалды


Израиль президенті Шимон Перес Ликуд партиясының жетекшісі Биньямин Нетаньяхуді ел үкіметінің премьер министрі етіп таңдады. Енді ол алты айдың ішінде Израиль үкіметін жасақтайтын болады. Оның партиясы Кнессет сайлауларында екінші орынды иеленген болатын. Бірақ, ел президентінің партия өкілдерімен кеңесулері барысында, үкімет басшысы қызметіне Кадима партиясының жетекшісі Ципи Ливниге қарағанда, Нетаньяхудің мүмкіндігі көбірек болып шыққан.
Енді Нетаньяху одақтас үкімет құру барысында Кадима партиясымен бірге оңшыл және діни партиялармен де келіссөз жүргізеді деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG