Accessibility links

Латвия үкіметі отставкаға кетті


Бүгін Латвияның оңшыл-орталықшыл коалициялық үкіметі тарады. Премьер министр мен оның кабинеті билікке 2007 жылдың желтоқсанында келген еді.
Ел президенті Валдис Затлерс премьер министрлікке жаңа кандидатты табу үшін дүйсенбі күні өзінің партия жетекшілерімен келіссөз өткізетінін айтты. Латвияға экономикалық дағдарыс дендеген сайын үкіметке қысым күшейіп кеткен болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG