Accessibility links

Қытай АҚШ-тың 585 млрд. доллар құнды қағазын сақтап отыр


Бейжіңдегі келіссөздің барысында Қытайдың сыртқы істер министрі Ян Цзечи АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонға Қытай алтын-валюта қорының басым бөлігін АҚШ долларымен сақтай береді деп сендірді. Өз кезегінде Хиллари ханым Қытай үкіметінің Американың құнды қағазына сенім артып отырғанын жоғары бағалайтынын айтып, екі елдің де экономикалық дағдарыстан сәтті шыға алатынына үміттенетінін мәлімдеді.
Қытай – АҚШ-қа ең көп қарыз берген ел болып табылады. Бейжің АҚШ-тың 585 млрд. доллар тұратын құнды қағазын сақтап отыр.
XS
SM
MD
LG