Accessibility links

Францияда испаниялық баск-сепаратистерінің бір көсемі ұсталды


Францияның оңтүстік-батысындағы Бордо қаласының шетінде баск-сепаратистерінің ЭТА ұйымының жаугерлер тобының көсемі тұтқындалды. Испан радиосының хабарлауынша, Иурга Менинуэта Митега Франция мен Испания паолицияларының бірлескен операциясының нәтижесінде қолға түсті. Ол ЭТА ұйымының әскери қанатын басқарушы болып оның бұрынғы көсемі тұтқындалған өткен жылдың соңында тағайындалды. Баск-сепаратистерінің тәуелсіздік үшін күрескен 40 жылының ішінде 850-ден астам адам құрбан болды.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG