Accessibility links

АҚШ сенаторы Джон Керри Сирия президентіне жолығады


Сенбі күні АҚШ сенаторы Джон Керри Дамаск қаласында Сирия президенті Башар Әл-Асадпен кездесуге тиіс. Хабарға қарағанда, Керри Әл-Асадпен Сирияның Иранды және осы аймақтағы ислам ұйымдарын, оның ішінде экстремистік “Хезболлаһ” тобын қолдауы сөз болмақшы.
Кезінде АҚШ президентін сайлауға үміткер болып дауысқа түскен Джон Керри қазір АҚШ Сенатының халықаралық істер комитетін басқарады.
Оның алдында Дамаскіде АҚШ Конгресінің делегациясы келіп қайтқан болатын. Бұл сапарлар жаңа АҚШ әкімшілігінің Таяу Шығыстағы саясатын қайта қарау шеңберінде жасалып отыр.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG