Accessibility links

ЕуроОдақтың басшылары Берлинде басқосады


Жексенбіде экономикалық дағдарыстан бірлесіп шығудың жолдарын талдау үшін Еуропа Одағының жетекшілері Берлинге жиналады. Германия канцлері Ангела Меркель ұзақ мерзімге негізделген қаржы реформалары бойынша уәжге келе аламыз деген үмітін білдірді.
Өткен аптада неміс нарығында тағы да бағалардың құлдырағаны байқалып, мейлінше жапа шеккен банктерді мемлекет меншігіне сатып алу мүмкіндігі туралы сөз бола бастады.
Сенбі күні Ирландияның астанасы Дублинде бюджет саласы қызметкерлерінің айлық жалақысын қысқарту жоспарына қарсы наразылық шеруіне 100 мыңдай адам шықты.
Ал Берлиндегі басқосудың басты мақсаты – жетекші 20 мемлекет басшыларының 2 сәуірде Лондонда ашылатын мәжілісі қарсаңында экономиканы ұжым болып қалпына келтірудің барлық жолын пысықтау.
XS
SM
MD
LG