Accessibility links

Ауғанстанда 3 содырмен бірге 13 бейбіт тұрғын мерт болды


Ауғанстанда коалициялық күштер мен тәліптердің өзара шайқасында 14 тәліптің көзі жойылды. Жергілікті биліктің мәліметіне қарағанда, елдің оңтүстігіндегі Кандагар қаласының түбінде полиция күзетіне тасадан шабуыл жасалды. 2 полицей жараланып, атыс жексенбінің таңына дейін жалғасып, 6 тәліп оққа ұшты.
Көрші Гильменд өлкесінде содырлар келе жатқан шағын автобусқа әуеден соққы беріліп, олардың сегізі жер құшты.
АҚШ армиясы өткен аптада Ауғанстанның батысындағы Герат өлкесінде әуе соққфысының салдарынан 13 бейбіт тұрғын мен 3 тәліптің қаза тапқанын растады.
XS
SM
MD
LG