Accessibility links

Мәскеудің түбінде наразылық шарасы өтеді


Жексенбі күні Мәскеудің түбіндегі Химки қаласында саяси оппозиция “Әділ сайлау үшін” шарасын өткізеді. Сайлауалды науқаны барысында әкімшілік ресурстарды пайдалануға қарсы наразылық шарасына қала әкімдігіне үміткер Евгения Чирикованың үзеңгілестері қатысады.
Е.Чирикова – Химки орманын қорғайтын қозғалыстың серкесі болып табылады. Оны алғашқыда үміткер ретінде тіркегісі келмеді. Оған қоса оппозициялық үміткердің насихатшыларын милиция талай рет негізсіз ұстады.
Химки әкімін сайлау 1 наурызда өтеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG