Accessibility links

Ресей президентінің өкілі заңсыз аңға шығып мерт болды


Ресейдің Алтай Республикасының астанасы - Горно-Алтайск қаласында қарақшылық аңшылыққа қарсы наразылық митингісіне 400-дей адам жиналды. Оның ұйымдастырушылары 9 қаңтар күні Алтай тауында Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырауы себептерін тиянақты тергеуді талап етеді. Ол апаттан 7 адам, оның ішінде Ресей президентінің Мемлекеттік думадағы ресми өкілі Александр Косопкин қаза тапты. Бір мәліметке қарағанда, тікұшақтың жолаушылары Қызыл кітапқа ілінген архарларды атып алу үшін ұшып шыққан көрінеді.
“Эхо Москвы” радиосының хабарлауынша, митингіде “Заң алдында барша жұрт бірдей!”, “Билік ішіндегі паразиттер құрысын!” -деген үндеулер көтерілді.
Митингі өткізуге қала әкімдігі рұқсат берді.
XS
SM
MD
LG