Accessibility links

Үндістанның Кашмирінде наразылық шеруі болды


Жексенбі күні Үндістанның Кашмир штатындағы Сринагар қаласында 2 мұсылман жеткіншегінің қазасына байланысты наразылық шеруі болып өтті.
Наразылыққа шыққан жұрт 2 жеткіншектің қазасы үшін үнді полициясын айыптайды. Сенбі күні кешкісін полиция 2 бала отырған автокөлікке оқ жаудырғанға ұқсайды.
Үнді полициясы мен армия бөлімдері шеру өтіп жатқан ауданды қоршап алды.
Өткен жылы Кашмир штатында Нью-Делидің билігіне қарсы ең ірі наразылық шерулері болып өтті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG