Accessibility links

Мемлекет басшысы Ұлттық қордың қаржысын қадағаламақ


ҚР президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылау жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін қабылдап, Ұлттық қордан бөлінген қаражатты пайдалану туралы алдын ала ақпаратты тыңдады.

«Қаржы секторын тұрақтандыру бағдарламасы бойынша бөлінген ақша екінші деңгейлі банктерге түсті. Олардың пайдаланылуы ағымдағы режимде қадағаланатын болады. Егер бұл қаржыларды банктер, сондай-ақ заемшылар мақсатсыз пайдаланатын болса, тексеру шаралары жүргізіледі. Мемлекет басшысына жұмыс нәтижелері туралы ақпарат жүйелі баяндалып отырылады», — деді жұмыс тобының жетекшісі, Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы Елена Бахмутова.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG