Accessibility links

Нью-Иорк таймс: америкалық әскери кеңесшілер Пәкістанға көмектесуде


Нью-Иорк таймс газетінің жазуынша, 70-тен аса америкалық әскери кеңесшілер мен техникалық мамандар Пәкістанда жұмыс істеуде. Олар Пәкістанның әскери жасақтарына, елдің батысындағы тайпалық аймақтарда, олардың әл-Қаида мен Талибанға қарсы күрестерінде көмек көрсетуде.

Газеттің жексенбі күні жазуынша, кеңесшілер тобында көбінесе АҚШ-тың әскери Арнайы күштерінің жауынгерлері бар. Олар Пәкістан армиясын жаттығудан өткізіп, оларды тиісті ақпараттармен қамтамасыз етуде.

АҚШ кеңесшілерінің бұл жұмыстарын Құрама Штаттардың Орталық жасағы мен Арнайы шаралар бойынша жасағы бақылауда ұстауда дейді басылым.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG