Accessibility links

Amnesty International: соғыс қылмыстарын Израиль де, Хамас тобы да жасады


Amnesty International хұқық қорғау ұйымы таяудағы әскери қақтығыс кезінде соғыс қылмыстарын жасады деп Израилді де, палестиналық Хамас тобын да айыптады. Қос жақтың та қарапайым азаматтарға қарсы шабуыл жасағаны жөнінде мәліметтер бар делінген ұйым жариялаған баяндамада.

Ақпанның 23-де жарияланған бұл баяндама қос тарапқа да қатысты қару тасымалына тиым жариялауға БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесін шақырып отыр.

Израиль Газа аймағындағы бұл жанжалда тиым салынған ақ фосфор мен басқа да заңсыз қаруларды қолданды деп айыпталуда. Ол қарулармен Израилді АҚШ қамтамасыз еткен дейді баяндама.

Хамас тобы болса, Израиль жеріне зымыран атуын тоқтатпай отыр деп айыпталған ол баяндамада.
XS
SM
MD
LG