Accessibility links

Пәкістан ресмилері Талибанмен тұтқын алмасты


Пәкістан ресмилері жексенбіде талибандықтарға тұтқынға түскен үкімет әкімі мен оның 6 қорғаушысының орнына екі талибандықты босатты. Талибан өкілінің айтуынша, үкімет өкілдері үшінші талибандықты босатуға да уәде берген екен.

Пәкістан ресмилері әкім Хушхал Хан мен оның күзетшілерінің өткен түні босатылғанын растады. Алайда тұтқындағы талибандықтармен алмастырғандары жөнінде ешнәрсе демеді.

Жексенбідегі тұтқындау Талибан мен үкімет арасында, Суат жазығында атыстарды тоқтату туралы, келіссөздер жүріп жатқан кезбен тұспа-тұс келіп отыр.
XS
SM
MD
LG