Accessibility links

Ресей коммунистері әскери реформаға қарсы


Ресей коммунистік партиясын қолдаушы 2000-дай адам Мәскеуде Отанды қорғаушылар күнін атап өтті. Қолдарына совет туларын ұстаған олар, сондай-ақ әскери реформаларға қарсы плакаттарды көтеріп шығысты.

Басқа шерушілер әскер санын азайтуды көздеген реформаға қарсылық ретінде Ресей президенті Дмитрий Медведев пен үкімет басшысы Владимир Путиннің биліктен кетуін талап етісті.

Ресей президенті Дмитрий Медведев болса Белгісіз солдаттың қабіріне гүл шоқтарын қойды.
XS
SM
MD
LG