Accessibility links

Иран үш тұтқынды дарға асты


Хабарларға қарағанда, адам өліміне байланысты айыпталған үш ирандық Евин түрмесінде дарға асылды. “Етермад” газетінің жазуынша, ол үшеуі түрлі жағдайда кісі өлтірген деп табылған екен. Оларға байланысты өлім жазасы үкімі жексенбіде жүзеге асырылды.

Сонымен Иранда жыл басынан бері дарға асылғандар саны 49-ға жетіп отыр.

Amnesty International ұйымының айтуынша, 317 адамды өлім жазасына кескен Қытайды айтпағанда, Иран 2007 жылы әлем бойынша өлім жазасын көп шығарған ел болды.
XS
SM
MD
LG