Accessibility links

Гуантанамо түрмесінен босатылған Британия тұрғыны Британияға қайтып оралды


Эфиопияда туылған Биниям Мұхаммед өзін АҚШ түрмесінде азаптағандарын айтты.Ол сондай-ақ азаптау ісіне атсалысты деп Британияның MI-5 құпия қызметін де айыптап отыр.

Мұхаммед 2002 жылы Пәкістанда тұтқындалған болатын. Өзін құпия түрде Морокко түрмесіне апарып, содан кейін Ауғанстанға, одан соң Гуантанамоға апарар қарсаңда азаптағандарын айтып отыр.

АҚШ Мұхаммедті Америка жерінде бомба жармақшы болған жоспарға қатысы болды деп айыптауда.

Барак Обама президент болғалы Гуантанамодан босатылған алғашқы тұтқын-осы Мұхаммед болып отыр.
XS
SM
MD
LG