Accessibility links

Израилдің Еңбек партиясы үкімет құрамына енуден бас тартты


Еңбек партиясының басшысы Ехуд Барак ақпанның 23 күнгі сөзінде, өз партиясы одан гөрі жауапкершілікпен іс атқаратын, байсалды да мығым оппозиция болады деді. Ликуд басшысы Беньямин Нетаньяху Еңбек партиясын үкімет құрамына шақырған болатын.

Ал, Израиль Сыртқы істер министрі Ципни Ливни болса, бірлескен үкімет құру туралы оңшыл қанат басшысы Беньямин Нетаньяхумен сөйлесулерді жалғастыруға келіскендігін айтты.

Бұл екеуі ақпанның 10-дағы сайлаудан кейін алғаш рет ақпанның 22-де кездесті.

Президент Шимон Перес жұма күні Нетаньяхудың үкімет құруын сұраған болатын. Нетаньяху болса Кадима фракциясының үкімет құрамына қосылуын қалауда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG