Accessibility links

Ертең халық санағы басталады


Ертең ҚР үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 1138 қаулысына сәйкес халық санағы басталады. Қазақстан республикасы аумағында 25 ақпан - 6 наурыз аралығында жүргізілетін халық санағы ҚР шетелдік мекемелерінде кеңейтілген мерзімде өткізіледі, яғни 2009 жылғы 3 қаңтарында басталған санақ 1 наурызда аяқталады.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі аталған шараға байланысты төмендегіше мағлұмат береді:

Халық санағына Қазақстан Республикасының тұрақты тұратын және уақытша елде болмай қалған азаматтары, халық санағы кезінде ҚР аумағында болған шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар енгізіледі.

Халық санағының өткізілу күні 2009 жылдың 25 ақпаны болып белгіленген, санақ жұмыстары ақпанның 24-нен 25-не қараған түнгі сағат 12-ден бастап жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі және оның аумақтық органдары «Мемлекеттік статистика туралы» заңға сәйкес жабық объектілерді қоса алғанда, халық санағын ұйымдастыру мен өткізу бойынша жалпы басшылықты іске асырады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті статистика органдарына Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік органы бірлестіктерінде, бөлімшелерінде, мекемелері мен оқу орындарында халық санағын ұйымдастыру мен өткізу барысында көмек көрсетеді.
XS
SM
MD
LG