Accessibility links

Талибаншылдар Суат жазығында атысты тоқтатуын ұзартты


Пәкістанның Суат жазығындағы талибаншыл жауынгерлердің өкілі Муслим Хан өздерінің атысты уақытша тоқтатқандарын айтты. Ханның айтуынша, бүгін жауынгерлер жетекшісі Маулана Фазлулла ақылдасу кеңесін отырысқа шақырып, олар сәрсенбі күні мерзімі аяқталатын атысты тоқтату бітімін тағы 10 күнге созып, тұтқындарды босатуға келісті.
Бұл хабарлама осыдан сегіз күн бұрын үкімет Суат жазығындағы жалғыз сот жүйесі ретінде ислам заңын қабылдау жөніндегі даулы келісімге қол қойған соң болып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG