Accessibility links

Ходорковский Сібірден Мәскеуге әкелінді


Ресей сотының ресмилері абақтыда отырған мұнай магнаты Михаил Ходорковский Сібір түрмесінен Мәскеуге әкелінгенін хабарлады. Ходорковскийге қарсы қаржы қылмыстарын жасаған деген жаңа айыптар бойынша сот процесі өтпекші.
Мәскеу қалалық сотының баспасөз хатшысы Анна Усачева Ходорковскиймен бірге оның досы әрі бизнестегі үзеңгілесі
Платон Лебедев те Мәскеуге әкелінгенін айтып отыр.
Наурыздың 3-і күні басталатын сотта екеуіне заңсыз қаржы операцияларын жүргізген және ақшаны жымқырған деген жаңа айыптаулар бойынша тергеу болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG