Accessibility links

Клинтон өзіне Таяу Шығыс пен Азия бойынша кеңесші таңдады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон парсы шығанағы мен оңтүстік батыс Азия бойынша өзіне кеңесші етіп американың ардагер дипломаты Деннис Россты тағайындады. Росс Клинтон ханымға Таяу шығыс аймағындағы елдер оның ішінде Ауғанстан, Ирақ және Иран бойынша бағалаулары мен ақыл-кеңесін беретін болады.
АҚШ департаменті Вашингтонға бұл аймақтың маңыздылығы айрықша екенін айтып, Американың бұл өңірдегі екі соғысы, терроризмге қатысты мәселелерге тап болып отырғаны, ядролық қару таратпау, энергетика, экономикалық даму және демократияға қол жеткізу жағдайларын атап өткен.
Деннис Росс бұрынғы президенттер Билл Клинтон мен Джордж Буш әкімшілігі кездерінде Таяу Шығыс пен араб-израиль бейбіт келіссөздері бойынша жұмыс істеген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG